Сабақтың барысы. Тірек білімін, білік дағдыларын жетілдіру.

Тірек білімін, білік дағдыларын жетілдіру.

Ауызша есептеу.

Уақыт өлшем бірліктеріне өрнектеуге берілген тапсырма

726 мин = 12 сағ 6 мин 7 мин 25 с = 445 с 6375 жыл = 63 ғ 75 ж 2 тәул. 18сағ = 66сағ 29 тәул. = 4 апта 1 тәул. 39 тәул. = 5 апта 4 тәул. 987 ж = 9 ғ 87 ж 9 ғ 58 ж = 958 ж 6 тәул. = 144 сағ

Ауызша орындалатын жаттығуларға №8 есепті қосыңыз. Шаршының әр қабырғасын 2 есе арттырсақ, оның ауданы неше есеге артады? (Жауабы: 4 есе).

Жаңа материалмен танысу.

№1 а) Көбейтудің қалай орындалғанына назар аудар.

Бұл жерде үш таңбалы санға көбейткен кезде неліктен тек қана екі толымсыз көбейтінді жазылған? Түсіндір.

2217 санын бірліктерге көбейтемін. Бірінші толымсыз _________ көбейтінді шығады. Оны _____________астына жазамын.

Сандағы ондықтар саны 0-ге тең. Кез келген санды 0-ге көбейткенде 0 шығады. 2217 санын __________көбейтемін, шыққан толымсыз көбейтіндіні

_______________астына жазамын. ___________қосамын.

- Екі таңбалы санға көбейту алгоритмін оқы және толықтыр. Неліктен бұл жерде үш таңбалы санға көбейткенде тек екі толымсыз көбейтінді жазылған? (Өйткені екінші көбейткіш 205-те ондықтар разряды жоқ. Ендеше бірліктерге көбейткеннен кейін бірден жүздікке көбейтіп, нәтижені жүздіктердің астына жазамыз). Көбейткен кезде толымсыз көбейткіші екеу болатын осындай сандарға мысалдар келтіріңдер (105, 603, 408 және т.б.)

Алғашқы бекіту.

№1 (ә) жаттығуды озат оқушылар өз бетінше, ал қалғандары жан-жақты түсіндіре отырып, тақтаға және дәптерге орындайды.
1 235 • 201 2 541 • 205 4 078 • 103

5 261 • 105 2 311 • 203 4 703 • 201

Өткен материалмен жұмыс.

№6 - теңдеулер. Тақтада жан-жақты түсіндіру арңылы орын-далады.

Оқушылар жұптасып жұмыс істей отырып, тура теңдіктер мен теңсіздіктер құрады.

№4 есептің шешуін жазбай, өрнекті ғана жазып, қандай амалмен орындалатынын көрсетеді.

№5 есепті сыныппен бірлесіп орындаймыз.

1) 50 + 30 = 80 (тг) - ашықхат пен хатқалтаның бағасы.

2) 1 600: 80 = 20 (дана) - хатқалта қанша болса, ашықхатта сонша

3) 50 • 20 = 1 000 (тг) - ашықхаттарға төленді.

4) 30 • 20 = 600 (тг) - хатқалталарға төленді.



3155549649072341.html
3155585367487054.html
    PR.RU™